Қай өңірде қылмыс көп жасалатыны анықталды

Өткен жылдың қорытындысы бойынша елімізде көп қылмыс жасалатын өңір анықталды.

0 33

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сәйкес, елімізде қылмыс 5,3%-ға азайған.

Қылмыс деңгейі Маңғыстау облысында 12,2% -ға (3097-ден 3474-ке), Атырау облысында 8,5%-ға (4283-тен 4647-ге), Павлодар облысында 5,6%-ға (5039-дан 5322-ге), Қызылорда облысында 4,6%-ға (2871 – 3003), Ұлытау облысында 2,8%-ға (1278-ден 1314-ке), Алматы облысында 1,6%-ға (10223-тен 10385-ке) және Ақмола облысында 0,7%-ға (5084-тен 5120-ға) дейін байқалады.

Ең көп қылмыс Алматы– 24 965 (18,8%) және Астана қалаларында – 17 339 (13,1%), Алматы – 10 385 (7,8%) және Қарағанды – 7 562 (5,7%) облыстарында жасалған.

Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы санынан 34% алаяқтық (45 156), 23% — ұрлық (30 593), 6,3% — есірткі қылмысы (8 363), 1,2% — тонау (1 551), 1,2% — бұзақылық (1 615), 0,8 % — мал ұрлығы (1 051), 0,4 % — адам өлтіру (566), 0,3% — зорлау (421), басқа құқық бұзушылықтар 32,7% (43 462). Онша ауыр емес қылмыстар -7,6%-ға (21 826-дан 20 178-ге), ауырлығы орташа қылмыстар — 16,8%-ға (58 874-тен 48 992-ге) және ауыр — 2,2%-ға (37 548-ден 36736-ға) төмендегені байқалады,-деді ведомство.

Сонымен қатар, ұрлық — 28,3%-ға (42 639-дан 30 593-ке), оның ішінде ұялы телефон ұрлығы — 30,9%-ға (10 530-дан 7 273-ке), пәтер ұрлығы — 33,5%-ға (3 566-дан 237-ге), көлік ұрлығы — 42,2%-ға (258-ден 149) төмендеген. Сондай-ақ мал ұрлығы да — 30,9% (1520-дан 1 051-ге) азайған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.