Жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан арасында тағы бір әуе рейсі ашылады

«Биылғы 14 мамырдан бастап «Indigo» әуекомпаниясы Астана – Дели бағыты бойынша жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер A-320/321 типті әуе кемелерінде аптасына 3 рет…

sert-informSERT INFORM тілшісі

«Биылғы 14 мамырдан бастап «Indigo» әуекомпаниясы Астана – Дели бағыты бойынша жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер A-320/321 типті әуе кемелерінде аптасына 3 рет жиілікпен орындалады.

Қазақстан мен Үндістан астаналары арасында тікелей рейстің ашылуы елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және елдің транзиттік әлеуетін дамытуға ықпал ететін болады», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бұған дейін «Эйр Астана» қазақстандық әуекомпания биылғы 20 сәуірден бастап «Airbus» үлгісіндегі әуе кемесінде аптасына 3 рет жиілікпен Алматы – Мумбай бағыты бойынша Үндістанға рейстер ашатыны хабарланған болатын.

Жалпы, көктемгі-жазғы навигация кезеңінде елдер арасындағы жолаушылар рейстерінің 5 әуе бағыты бойынша аптасына 24 рейске дейін ұлғаюы күтіледі. Қазіргі уақытта тұрақты әуе қатынасы Алматы – Дели («Эйр Астана» — аптасына 7 рейс, «IndiGo» — аптасына 7 рейс), Алматы – Гоа (SCAT – 2), Астана – Гоа (FlyArystan – 2) бағыттары бойынша орындалады.

Пікірлер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *