Катар Трампқа 400 млн долларлық президенттік ұшақ сыйламақ

0 3
Катар АҚШ президенті Дональд Трампқа жаңа президенттік ұшақ ретінде пайдаланылатын Boeing 747-8 ұшағын сыйға тартпақ.

Ұшақтың құны шамамен 400 миллион долларды құрайды. Бұл — АҚШ президентіне ұсынылған ең қымбат сыйлықтардың бірі саналады

АҚШ Конституциясына сәйкес, президент шетелдік мемлекеттерден сыйлық алмас бұрын Конгресс мақұлдауы керек.

Ақпаратқа сәйкес, бұл ұшақ Трамптың президенттік мерзімі аяқталғанша мемлекеттік меншікте болады. Кейін ол президенттік кітапхана қарауына беріледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.