KAZINFORM — Мемлекет басшысы ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаратын келешегі зор жасанды интеллект саласына баса назар аударды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Президент қазақ пен неміс халықтарының арасындағы ақыл-ой иелерінің тарихи тамырластығына тоқталды. Қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлы Иоганн Вольфганг фон Гётенің өлеңін «Қараңғы түнде тау қалғып» деп қазақ тіліне сәтті аударғанын еске салды.
Дереккөз: Inform

Пікірлер