2026 жылғы қаңтар–шілде қорытындысы бойынша Қазақстанға 9,6 мың тонна балалар ойыншығы импортталды. Бұл – кемінде 2015 жылдан бергі осы кезеңдегі ең төмен көрсеткіш, деп хабарлайды DATA HUB талдау арнасы. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жылдық мәнде импорттың физикалық көлемі 2,5 есе қысқарған. Алайда сарапшылар жеткізілім көлемінің күрт төмендеуін әзірге тұрақты үрдіс деп бағалауға болмайтынын атап өтеді.
Пікірлер