Инженерлік инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын «СтройМонтажGroup» ЖШС орындады. Тараз қаласының «Ұлы Дала» шағын ауданында 2 мың оқушыға арналған мектептің сыртқы инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Қазіргі таңда мектеп жұмыс істеп тұр, онда балалар білім алуда. Жеке инфрақұрылымдық жоба аясында білім беру нысаны қажетті инженерлік коммуникациялармен толық қамтамасыз етілді. Электр желісіне, интернетке, сыртқы сумен жабдықтау және кәріз жүйелеріне, сондай-ақ газ желісіне қосу жұмыстары орындалды.
Дереккөз: Jambylinfo

Пікірлер