Қазақстанда «Нұрсұлтан» есімінің танымалдығы күрт төмендеді

0 5

Қазақстанда соңғы 30 жылдан астам уақытта жаңа туған сәбилерге «Нұрсұлтан» есімін қою көрсеткіші айтарлықтай азайған. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, бұл есімнің танымалдығы жылдан жылға төмендеп келеді.

1991 жылы елімізде дүниеге келген 3 875 ұл балаға Нұрсұлтан есімі берілген. Алайда арада 14 жыл өткенде бұл көрсеткіш екі есеге жуық азайып, 2005 жылы – 1 975 балаға қойылған.

Кейінгі жылдары да төмендеу үрдісі жалғасты. Мәселен, 2015 жылы Нұрсұлтан есімі 1 285 жаңа туған сәбиге берілсе, 2025 жылы (жыл басынан бері) бұл есім небәрі 49 балаға ғана қойылған.

Осылайша, 1991 жылмен салыстырғанда Нұрсұлтан есімін таңдаған ата-аналардың саны ондаған есе азайғаны байқалады.

Соған қарамастан, бұл есім Қазақстандағы кең таралған ер адамдардың есімдерінің бірі болып қала береді. Қазіргі таңда елімізде 48 749 адам Нұрсұлтан есімімен тіркелген.

Сарапшылардың айтуынша, бала есіміне қатысты таңдау қоғамдағы үрдістерге, мәдени талғамның өзгеруіне және ата-аналардың жаңа әрі сирек кездесетін есімдерге қызығушылығының артуына байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан белгілі бір кезеңде кең таралған есімдердің кейінгі жылдары сирек қойылуы – табиғи демографиялық әрі әлеуметтік құбылыс.

Айта кетейік, Қазақстанда әр жыл сайын ең танымал және сирек қойылатын есімдердің статистикасы жаңартылып отырады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.