Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды
2025 жылғы 22 сәуірде Жезқазған, Балқаш және Ақтөбе қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары болжануда
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың (ластаушы элементтердің) шоғырлануына әсер ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Мұндай қолайсыз жағдайларда елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасының нашарлауы мүмкін.