Нью-Йорктегі түнгі клубта атыс болып, 3 адам қаза тапты
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында, Бруклин ауданындағы түнгі клубта атыс болып, үш адам мерт болды. Бұл туралы АЗЕРТАДЖ ақпарат агенттігі Нью-Йорк полиция басқармасына сілтеме жасап хабарлады.
Оқиға кезінде тағы сегіз адам жарақат алған. Полицияның мәліметінше, бірнеше адам оқ атқан, алайда әзірге ешкім ұсталған жоқ. Құқық қорғау органдары қазір оқиғаның егжей-тегжейін анықтап жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Нью-Йорктің Манхэттен ауданында да атыс болып, онда бір полицей, оның әріптесі және бірнеше бейбіт тұрғын қаза тапқан еді. Әртүрлі ақпарат көздеріне сәйкес, қайтыс болғандар саны бес адамға дейін жеткен.