Жаңалықтар

Нью-Йорктегі түнгі клубта атыс болып, 3 адам қаза тапты

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында, Бруклин ауданындағы түнгі клубта атыс болып, үш адам мерт болды. Бұл туралы АЗЕРТАДЖ ақпарат агенттігі Нью-Йорк полиция басқармасына сілтеме жасап хабарлады.…

sert-informSERT INFORM тілшісі

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында, Бруклин ауданындағы түнгі клубта атыс болып, үш адам мерт болды. Бұл туралы АЗЕРТАДЖ ақпарат агенттігі Нью-Йорк полиция басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға кезінде тағы сегіз адам жарақат алған. Полицияның мәліметінше, бірнеше адам оқ атқан, алайда әзірге ешкім ұсталған жоқ. Құқық қорғау органдары қазір оқиғаның егжей-тегжейін анықтап жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нью-Йорктің Манхэттен ауданында да атыс болып, онда бір полицей, оның әріптесі және бірнеше бейбіт тұрғын қаза тапқан еді. Әртүрлі ақпарат көздеріне сәйкес, қайтыс болғандар саны бес адамға дейін жеткен.

Пікірлер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *