Қазақстанда аптап ыстық: ауа температурасы 46 градусқа дейін көтеріледі
«Қазгидромет» синоптиктері 17, 18 және 19 маусым күндері елімізде күтілетін ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн райы тұрақсыз болады. Бұл солтүстік-батыстан жеткен циклонның әсерінен болады. Көптеген өңірлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін.
Аумақтар бойынша ауа райының ерекшеліктері:
🔹 Солтүстік-батыс пен солтүстік өңірлерде
Түнгі температура 17–25 градустан 15–23 градусқа дейін төмендейді.
Күндіз 25–35 градустан 20–31 градусқа дейін салқындайды.
18-19 маусымда жауын-шашын мен бұршақ болуы ықтимал.
🔹 Орталық Қазақстанда
Түнде 18–25 градустан 15–22 градусқа дейін төмендейді.
Күндіз 17–18 маусымда аптап ыстық 35–39 градусқа дейін жетеді.
Облыстың оңтүстігінде 42 градусқа дейін көтеріледі.
19 маусымда күндізгі температура 27–32 градусқа дейін төмендейді.
🔹 Шығыс өңірлерде
Түнде 12–23 градустан 17–25 градусқа дейін көтеріледі.
Күндіз 27–35 градустан 35–39 градусқа дейін ыстық болады.
19 маусымда кей аудандарда 40 градусқа дейін аптап күтіледі.
🔹 Оңтүстік-шығыс өңірде
Түнде температура 18–23-тен 20–25 градусқа дейін аздап көтеріледі.
Күндіз 35–39 градус, ал 18–19 маусым күндері кей жерлерде 42 градусқа дейінгі қатты ыстық болады.
🔹 Оңтүстік Қазақстанда
Күндізгі аптап ыстық 43–46 градусқа дейін жетеді, кейін 30–38 градусқа дейін төмендейді.