Жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік мекемелердің жұмыс уақыты өзгерді

Алматы облысында бірқатар мемлекеттік органдар жаңа жұмыс кестесіне көшті. Енді аудандық және облыстық басқармалардағы мекемелердің жұмыс күні таңғы сағат 8:00-де басталып, 17:30-да аяқталады. Түскі…

sert-informSERT INFORM тілшісі

Алматы облысында бірқатар мемлекеттік органдар жаңа жұмыс кестесіне көшті. Енді аудандық және облыстық басқармалардағы мекемелердің жұмыс күні таңғы сағат 8:00-де басталып, 17:30-да аяқталады. Түскі үзіліс — 12:30-дан 14:00-ге дейін.

Жаңа кесте келесі мемлекеттік органдарға қатысты:

▪️ Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Кеген, Райымбек, Талғар, Ұйғыр аудандарының, сондай-ақ Қонаев және Алатау қалаларының әкімдіктері;
▪️ Ауыл шаруашылығы, ветеринария, денсаулық сақтау, білім, экономика, туризм, спорт, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, энергетика, цифрлық технологиялар және өзге де салаларға жауапты 27 басқарма.

Мұндай өзгеріс мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырып, тұрғындарға ыңғайлы болу мақсатында енгізіліп отыр.

Пікірлер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *