Қоғам

Қазақстанда «Балаларға назар аударайық!» іс-шарасының қорытындысы шығарылды

Ішкі істер министрлігі ата-аналарды балаларының қайда жүргенін және уақытын қалай өткізетінін, әсіресе кешкі және түнгі мезгілде қатаң бақылауға шақырды.

SERT INFORM тілшісі
Сурет: Jambylinfo

Ішкі істер министрлігі ата-аналарды балаларының қайда жүргенін және уақытын қалай өткізетінін, әсіресе кешкі және түнгі мезгілде қатаң бақылауға шақырды. ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың қатысуымен болатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Балаларға назар аударайық!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Іс-шара барысында балалардың ересектердің қарауынсыз түнгі уақытта жүруіне ерекше көңіл бөлінді. Полиция қызметкерлері осындай 25 мыңнан астам жағдайды анықтады.

Дереккөз: Jambylinfo

Пікірлер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *