Жаңалықтар

Қазақстанда үсік, жауын-шашын мен қатты жел күтіледі

17–19 сәуір күндері еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы күрт суытады «Қазгидромет» мәліметінше, бұл күндері жауын-шашын, үсік және қатты жел болады Аптаның басында шығыс өңірде…

sert-informSERT INFORM тілшісі
17–19 сәуір күндері еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы күрт суытады

«Қазгидромет» мәліметінше, бұл күндері жауын-шашын, үсік және қатты жел болады

Аптаның басында шығыс өңірде қар жаууы мүмкін. Сондай-ақ шығыс, солтүстік және орталық аймақтарда түнгі температура -1…-6 градусқа дейін төмендеп, күндіз +1…+8 градус шамасында болады. Жел екпіні кей жерлерде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Оңтүстіктегі таулы және тау бөктеріндегі аудандарда түнде жаңбыр мен қар аралас жауын жауады. Күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде 3 градусқа дейін үсік түсуі мүмкін.

Тек еліміздің батысында күн ашық әрі жылы болады. Мұнда күндізгі температура +23…+28 градусқа дейін жетеді.

Пікірлер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *