Руслан Берденов тірі, қазір ота үстінде: әріптестері оның жағдайы туралы айтты

0 12
Бұл туралы оның партияласы Бейбіт Әлібеков Telegram-арнасында мәлімдеді

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің маңында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке белгісіз адам оқ атқан. Шенеунік дереу ауруханаға жеткізіліп, қазіргі таңда ота жасалып жатыр

«Достар, әріптестер! Руслан Берденов тірі. Қазір ота үстінде. Оған үш рет оқ атылған, екеуі денесіне тиген. Абырой болғанда, өмірлік маңызы бар ағзалар зақымданбаған», – деп жазды Әлібеков.

Күдікті оқиға орнында ұсталған.

Айта кетейік, Руслан Берденов биыл ақпанда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған еді. Оның кандидатурасы Президент Әкімшілігімен келісілген. Бұған дейін Мәжіліс депутаты болған, кейін депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.