Теміртаудағы жанжал: төбелес кезінде ер адамға оқ атылды

0 160

Оқиға 10 наурыз күні кешке Металлургтер даңғылында болған

Желіде тараған видеода куәгерлер ер адамның жанжалдасып жатқан екі жігітті тыныштандыруға тырысқанын айтады. Алайда олардың біреуі оның сөзін ұнатпай, пышақтап тастаған. Ер адам алған жарақатынан сол жерде қаза тапты.

Қарағанды облысының Полиция департаменті ақпаратты растады.

«Полиция 10 наурыз күні кешке Теміртау қаласында болған Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, мас күйінде күдікті 44 жастағы ер адаммен жанжалдасып, оның барысында пышақ жарақатын салған. Ер адам алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

27 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.