ЫСЫРАП БОЛМАСЫН: «ҚАРАЛМА» ҚАШАН БІТЕДІ?

0 328

2018 жылы  Жамбыл облысы Жуалы ауданына қарасты «Қаралма» тау-шаңғы базасының құрылысы басталған еді. Жобалық құны 4 миллиард теңге болатын жоба құрылысы 2019 жылы аяқта­лады деп жоспарланған. Нысан қазір өкінішке орай сақалды құрылысқа айналды.

2018 жылы «Тараз» ӘКК» АҚ бірлескен қызмет туралы келісімдер шеңберінде жалпы ауданы 21,0843 гектар жерді сатып алу құқығына 34 жер учаскесін жеке инвесторларға берді. Жобаны іске асыру үшін «ТаразСтрой-2004» ЖШС  4,2 миллиард теңге алған. Бүгінде «ТаразСтрой-2004» ЖШС-нің шығындары 4 миллиард теңгеден асты. Сонымен қатар, дәл осы компания спорт-туристік кешен құрылысының негізгі инвесторы болып тұр,- деп хабарлаған еді Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек «Қаралма»нақты қашан іске қосылатынын айтты.

«Қаралма» жеке инвестордың қаражатынан салыгынған. 4,3 млрд теңге салған. Ол жерде 2 кәсіпкер деп айтады. Жоба аяғына дейін жетпей қалған. 5 жылдан бері тұр. Қазір «Aq Niet Group» компаниясына қолқа салып, ары қарай дамытсақ деген келісімге келдік. 50 пайыз инвестицияға кіретін болды. Қанша шығын кетті? Жоланы, инфраструктурасына, қанаттық жолына қанша кетті?  3 ай бойы экскпертизалық бағалау жүргізілді. «Aq Niet Group»-қа тапсырылды. 50/50 ақша салынатын болады. Биылғы маусымға үлгермейміз. Келесі жылы ашамыз деген жоспар бар. Ысырап болмасын деген ниетпен «Қаралманы» жүргізуді қолға алдық,- деді.

 

Айта кетейік, Әбілхайыр Ғалымұлы алдағы уақытты туристік нысандарға баратын жолдар асфальт төселетінін айтты. Айтуынша, үкіметке бюджеттік өтінім тапсырылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.