Жәнібек Әлімханұлы WBO чемпиондық белбеуінен ресми түрде бас тартты

0 4
Бұл туралы Жәнібек Әлімханұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағынан өз еркімен бас тартты

Осылайша, қазіргі таңда Қазақстаннан кәсіпқой бокста әлем чемпионы атанып жүрген спортшы қалған жоқ.

WBO ұйымы қазақстандық былғары қолғап шеберінің чемпиондық белбеуден бас тарту туралы өтінішін мақұлдады. Бұл шешім оның екінші орта салмақ дәрежесіне ауысуына байланысты қабылданған.

Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа салмаққа ауысу туралы ойын қысқаша жеткізді.

— Өткен нәрсе өтті. Мен өткенмен өмір сүрмеймін. Бокс жолындағы тарихым бұрынғыдан да қызық болайын деп тұр. Жаңалықтарды күтіңіздер, — деп жазды ол Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы бұған дейін Қазақстанның кәсіпқой бокстағы жалғыз әлем чемпионы саналып келген еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.