Жаңалықтар

Жасыл энергия. Зияткер ұлт. Еуропамен жаңа дәуір

Мемлекет басшысы Еуропа Одағымен әріптестікті тереңдетуге бағытталған бірқатар маңызды бастамаларды ұсынды: ? Экспорт және энергетикаҚазақстан ЕО-ға жалпы құны $2 млрд-тан асатын 175 тауар түрін…

sert-informSERT INFORM тілшісі
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Еуропа Одағымен әріптестікті тереңдетуге бағытталған бірқатар маңызды бастамаларды ұсынды:

? Экспорт және энергетика
Қазақстан ЕО-ға жалпы құны $2 млрд-тан асатын 175 тауар түрін экспорттауға дайын.
ЕО елдері тұтынатын мұнайдың 13%-ы Қазақстаннан жеткізіледі (негізінен Каспий құбыр консорциумы арқылы).
Сонымен қатар еліміз шикізатты жеткізудің балама бағыттарын дамытуға ниетті.

? Жаңартылатын энергия және «жасыл» сутегі
Total, Eni, Svevind сынды серіктестермен жасыл жобалар іске асырылуда.
Қазақстан, Өзбекстан және Әзербайжан Каспий арқылы Еуропаға жасыл энергия жеткізетін жаңа электр желісін салмақ.

⛏ Стратегиялық шикізат
Қазақстан ЕО экономикасы үшін маңызды саналатын 34 шикізаттың 19-ын өндіреді (уран, литий, титан, мыс, т.б.).
ЕҚДБ-пен бірлескен геологиялық барлау жобалары жүзеге асуда.

? Транскаспий дәлізі
2023 жылы Транскаспий дәлізі арқылы 4,5 млн тонна жүк тасымалданды.
2027 жылға қарай бұл көрсеткішті 10 млн тоннаға жеткізу көзделіп отыр.

? Ядролық энергия
Қазақстан – әлемдегі ядролық отынның 40%-ын қамтамасыз ететін ел. Бұл – жаһандық таза энергиядағы маңызды үлес.

? Технология және инновация
– Президент жанынан Жасанды интеллект жөніндегі халықаралық кеңес құрылды
– 100 мың IT-маман даярлау жобасы жүзеге асуда
– Astana Hub негізінде «ОА – ЕО» инновациялық кампусы ұсынылды
– AlemAI жоғары технологиялар орталығы құрылуда

? Ғылым мен білім
– Сирек металдарды зерттейтін аймақтық орталық құру ұсынылды
– Erasmus+ негізінде Жасанды интеллект, биотехнология, су ресурстары салаларында кадр даярлау бастамасы көтерілді

? Халықаралық қауіпсіздік
– Тоқаев жаһандық тұрақсыздық кезінде БҰҰ жарғысына сүйеніп, барынша жауапкершілік танытуға шақырды
– Украина бойынша бейбіт келіссөздерді қолдайтынын жеткізді

? Маңызды ескерту: 2025 жылы БҰҰ-ның құрылғанына 80 жыл толады. Бұл ұйымның рөлін күшейту – жаһандық тұрақтылықтың кепілі.

Пікірлер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *