Жуалылық Боранбек Бексұлтан– бокстан әлем чемпионы

0 210

Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан бокс құрамасының қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты.

Бексұлтан Боранбек осы әлем чемпионатында бесінші алтынды ел қоржынына салды. 51 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалда қазақстандық боксшы Колумбия өкілі Джастин Мореноны төрешілердің бірауызды шешімімен сенімді жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін қазақ боксшылары төрт финалдық жекпе-жекте жеңіске жетті. Жеңімпаздар қатарында Төрехан Сабырхан (67 кг.), Санжаралы Бегалиев (75 кг.), Аружан Зейнұллаева (81 кг.) және Елянұр Тұрғанова (48 кг.) бар. Сонымен қатар, 66 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде Ұлдана Таубай әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

Кейінірек Өнер Сейілхан финалда ресейлік Алексей Гуковпен кездеседі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.