НҰРДӘУЛЕТ ЖҰМАҒАЛИҒА ОБЛЫС ӘКІМІ СЫЙ-ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Парижда өткен Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрдәулет Жұмағалиді жамбылдықтар ыстық ықыласпен қарсы алды.
«Тараз-Арена» спорт сарайында спортшыға арналған жиын өтті.
Жиынға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, Паралимпиада жүлдегерін құттықтады.
Аймақ басшысы су жаңа «Tayota camry 75» маркалы автокөлігін және 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.
Сонымен қатар, Паралимпиада жүлдегерінің бапкеріне «Haval» жол талғамайтын темір тұлпаржы тарту етті.