Миллиард тұратын үйдің құны нөлге айналды ма? Кәрім Мәсімовтің зәулім сарайын ешкім алғысы келмеді

Астанада бұрынғы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовке тиесілі зәулім үй сатылымға шығарылып, аукционда өтпей қалды. Бастапқы құны – 1,88 миллиард теңге болған. Бірақ, бұл сома біреудің қалтасына ауыр тиді ме, әлде үйдің аурасы ұнамады ма, белгісіз, белгілісі - аукционға бірде-бір адам қатыспады.

0 180
15 күн бойы сатылымда тұрған Қараөткелдегі жертөлесі бар зәулім үй бағаны көтеру форматында аукционға қойылды. Алайда сауда басталған 25 ақпан, сағат 10:00-де ешкім «Мен аламын!» деп өтініш қалдырған жоқ.
Аукционның ресми деректері мынадай:
•Сауда нөмірі: 338261
•Нысан: Жертөлесі бар тұрғын үй
•Бастапқы бағасы: 1 883 338 958,00 теңге
•Кепілдік жарна: 117 960 000,00 теңге
•Формат: Бағаны көтеру аукционы
•Өтетін орны: E-Qazyna платформасы
Қатысқысы келгендер алдымен E-Qazyna жүйесіне тіркеліп, 117,9 миллион теңге кепілдік жарна аударып, ставка қоюы керек болған. Бірақ, үйдің болашақ иесі әлі табылмай тұр.
Енді не болады?
Аукцион қайтадан өтеді. Егер тағы да сатып алушы табылмаса, бағасы түсірілуі мүмкін. Ал сіз мұндай үйді қанша теңгеге бағалар едіңіз?
Leave A Reply

Your email address will not be published.