Елімізде

Ағаштар құлады, шатырлар ұшты: Алматыда нөсер мен дауылдың салдары

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, сағат 19:30-дан түнгі 2:00-ге дейін найзағаймен бірге нөсер жаңбыр жауып, қатты жел соққан. Табиғи құбылыстың салдарынан 28 ағаш құлап, олардың үшеуі…

sert-informSERT INFORM тілшісі
Алматы қаласы әкімдігі

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, сағат 19:30-дан түнгі 2:00-ге дейін найзағаймен бірге нөсер жаңбыр жауып, қатты жел соққан. Табиғи құбылыстың салдарынан 28 ағаш құлап, олардың үшеуі тұрғын үйлердің үстіне түскен. Сонымен қатар, үш үйдің шатыры бүлініп, бір құрылыс алаңының қоршауы құлаған.

Қазіргі уақытта төтенше жағдай салдарын жою жұмыстары жүргізілуде. Қалалық коммуналдық қызметтер толықтай жұмылдырылған.

 

Синоптиктер 9–10 сәуір күндері де жел күшейіп, екпіні секундына 13 метрге дейін жететінін ескертіп отыр. Алматы тұрғындарына қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес беріледі.

Пікірлер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *