Мәжілістегі мандат кімге бұйырды? Берденовтің орнына кім келді?

Мәжілістегі ауыс-түйіс жалғасуда. Бүгін экс-депутат Руслан Берденовтің өкілеттігі ресми түрде тоқтатылып, оның орнына Екатерина Смолякова келді.

0 65
  1. ОСК ресми мәлімдеме жасады

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы арнайы қаулы қабылдады. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жаңа депутаттың тіркелгенін мәлімдеп:

“Бүгін ОСК қаулысымен Мәжіліс депутаты ретінде Respublica партиясынан Екатерина Смолякова тіркелді. Ол депутаттық мандатын алып, ресми түрде қатарымызға қосылды”, – деді.

Депутаттар бірауыздан қолдап, жаңа депутат ант берді.

Еске салсақ, Руслан Берденов 24 ақпанда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын. Осыған байланысты оның Мәжілістегі мандаты босап, орнына партия тізіміндегі келесі үміткер – Екатерина Смолякова келді.

Мәжілісте тағы қандай өзгерістер болуы мүмкін? Бақылап отырыңыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.