Әлемде

Қазақстан ЖИ мен адами дағдыларды ұштастыру индексінде әлемде 55-орынға шықты

KAZINFORM — Қазақстан Coursera Global Skills Report 2026 жаһандық есебі аясында ұсынылған жаңа AI-Human Skills Synergy Index 2026 индексінде 98 елдің ішінде 55-орынға ие болды.

SERT INFORM тілшісі
Сурет: Inform

KAZINFORM — Қазақстан Coursera Global Skills Report 2026 жаһандық есебі аясында ұсынылған жаңа AI-Human Skills Synergy Index 2026 индексінде 98 елдің ішінде 55-орынға ие болды. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мәлім етті. Жаңа индекс білім алушылардың жасанды интеллект саласындағы дағдыларды оларды тиімді қолдануға қажетті сыни ойлау, көшбасшылық, коммуникация және күрделі міндеттерді шешу сияқты негізгі адами құзыреттермен қатар қаншалықты белсенді дамытып жатқанын бағалайды. Индекс онлайн оқыту пайдаланушылары арасында дағдыларды дамыту динамикасын, сондай-ақ оларды ел деңгейінде қолдануға қажетті жағдайларды ескереді.

Дереккөз: Inform

Пікірлер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *