Басты жаңалық

Қордайдың көшелері көркейіп келеді

Әрбір елді мекеннің дамуы тұрғындардың күнделікті өмірінен байқалады.

SERT INFORM тілшісі
Сурет: Jambylinfo

Әрбір елді мекеннің дамуы тұрғындардың күнделікті өмірінен байқалады. Жаңарған көшелер, жарықтандырылған жолдар мен абаттанған қоғамдық орындар ауылдың ажарын ашып қана қоймай, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға да ықпал етеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Осы бағытта Қордай ауылында көше жарығын жаңғырту және жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасау жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Кешкі уақытта көшелердің жарық болуы – тұрғындардың қауіпсіз қозғалысы үшін маңызды талаптардың бірі. Әсіресе, жұмысынан немесе оқуынан кеш қайтатын азаматтар, балалар мен егде жастағы адамдар үшін жарықтандырылған көшелердің маңызы зор.

Дереккөз: Jambylinfo

Пікірлер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *