Тараз қаласындағы Отбасын қолдау орталығында қала әкімінің орынбасарының тапсырмасына сәйкес FSMSocial бағдарламасының жұмыс жүйесіне арналған оқу семинары өтті. Іс-шараға кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар мен пробация қызметінің мамандары қатысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Семинардың негізгі мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларды дер кезінде анықтау, олардың әлеуметтік жағдайын зерделеу және тиісті көмекті жүйелі түрде ұйымдастыру. Оқу барысында қатысушыларға FSMSocial бағдарламасының жұмыс алгоритмі, жүйеге сигнал енгізу тәртібі, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған және әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларды анықтау тетіктері түсіндірілді.
Дереккөз: Jambylinfo

Пікірлер