KAZINFORM – Атыраудағы «Судоремонтник» стадионы Қазақстан футбол федерациясының талаптарына сәйкестігін растап, Қазақстан Премьер-лигасының матчтарын өткізуге рұқсат алды. Бұған дейін нысандағы жаңғырту жұмысы белгіленген мерзімнен кешігіп, стадионның дайындығына қатысты мәселе көтерілген еді. Биыл қыркүйектің ортасында стадиондағы негізгі құрылыс жұмысы шамамен 90 пайызы аяқталғанын хабарладық. Жұмыс кестесінің бұзылуына мінбелер мен металл конструкцияларды дайындайтын Ресей зауытынан тапсырыстың кеш жеткізілуі себеп болған.
Дереккөз: Inform

Пікірлер