SERT-INFORM тілшісі топ жарды
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті ұйымдастырған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: Адал қоғам – әділ болашақ» тақырыбындағы бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы үздік телевизиялық материалдар байқауында SERT-INFORM ақпарат агенттігінің тілшісі Осалы Саламат жүлдегер атанып, арнайы дипломмен марапатталды.
Бұл – ең алдымен адал еңбекке, кәсіби ізденіске және шынайы ақпаратқа берілген баға.
Барша әріптестерімді 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Шығармашылық табыс, толайым жаңалықтар мен көрерменнің сеніміне ие болатын еңбектеріңіз көп болсын!