Таразда екі жаңа әкім тағайындалды
Тараз қаласында "Әулиеата" және "Жібек жолы" атаулармен екі аудан құрылды.
Тараз қаласының «Әулиеата» ауданы әкімі міндетін атқарушы болып Медет Нурмаханов, «Жібек жолы» ауданы әкімінің міндетін атқарушы болып Ержан Данаев тағайындалды.
Әкімдерді аппараттық жиында Тараз қаласы әкімі Бақытжан Орынбеков таныстырды.
Нурмаханов Медет Сабитович Тараз қаласы әкімінің өкімімен Тараз қаласы Әулиеата ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды және осы аудан әкімінің уақытша міндеттерін атқару жүктелді.
Медет Сабитович, 1984 жылы 1 сәуірде Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласында дүниеге келген.
Білімі – жоғары.
2010 – 2017 жылдары Жуалы ауданы әкімдігінің, Жамбыл ауданы Полатқосшы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы,
2017 – 2025 жылдары Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің орынбасары болып қызметтерін атқарған.
Данаев Ержан Алимжанович Тараз қаласы әкімінің өкімімен Тараз қаласы Жібек жолы ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды және осы аудан әкімінің уақытша міндеттерін атқару жүктелді.
Ержан Алимжанович 1983 жылы 13 наурызда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жалпақтөбе ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары.
2005 – 2015 жылдары Жамбыл ауданы әкімі аппаратының,
бас маманы, бас инспекторы, Бесағаш ауылдық округі әкімінің орынбасары,
2015 – 2025 жылдары Жамбыл ауданы Полатқосшы ауылдық округінің әкімі болып қызметтерін атқарған.