Таразда қосалқы станция салуға Т6 млрд-қа жуық жұмсамақ
ҚазТАГ – Тараз қаласының бір шағын ауданында қосалқы станция салу бойынша жұмыстарға Т6 млрд-қа жуық қаражат жұмсамақ
«Тапсырыс беруші – «Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; атауы — тұрғын емес ғимараттарды / құрылыстарды салу бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы – «Тараз қаласының 15-шағын ауданында 110/10 кВ ҚС салу» ЖЖ; саны — бір; өлшем бірлік — жұмыс; жоспарлы сома — Т5 997 662 016», — деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 24 ақпанда басталып, 28 ақпанда аяқталады.
«Құрылыс-монтаждау жұмыстары жобалық-сметалық құжаттамаға және құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес жүргізілуі керек», — деп жұмыстардың техникалық ерекшелігінде жазылған.