Жаңалықтар

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады Yandex Qazaqstan компаниясы қызметінің негізгі бағыттары…

sert-informSERT INFORM тілшісі
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Yandex Qazaqstan компаниясы қызметінің негізгі бағыттары мен жоспарлар қарастырылды;

компанияның интернет-платформа арқылы халықты жұмыспен қамту және жасанды интеллект технологиясын дамыту бастамаларына айрықша назар аударылды;

мәдени мұраны озық технологиялармен интеграциялау мәселесі талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев:

Yandex Qazaqstan компаниясының цифрлық трансформацияға, шағын және орта бизнесті қолдауға, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға қосқан үлесіне жоғары баға берді;

жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан кезеңде мәдени бірегейлікті сақтаудың, сонымен қатар қазақ тілі мен мәдениетін цифрлық кеңістікте ілгерілетудің мәні зор екенін атап өтті.

Даниил Шулейко:

платформа арқылы жұмыспен қамту жобасы нәтижесінде 65 мыңнан астам автокөлік жүргізушісі «Яндекс. Такси» серіктесі ретінде әлеуметтік қорғауға ие болғанын жеткізді;

Астанада жаңа инновациялық жобаларды іске қосу жоспары жөнінде баяндады;

AI-Sana бағдарламасына атсалысуға дайын екенін растады.

2024 жылы компания елімізге 29,5 млрд теңге көлемінде салық төлеген, ал 2016 жылдан бері Қазақстан экономикасына 225 млрд теңгеден астам инвестиция құйған

Пікірлер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *