Трамп Ормуз бұғазы арқылы өтетін жүктерден 20% алым алуды ұсынды: бұл қанша қаржы әкелуі мүмкін?
Әсел Әбілханқызы
АҚШ президенті Дональд Трамп Ормуз бұғазы арқылы өтетін жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 20% көлемінде алым енгізу туралы мәлімдеме жасады.
Ормуз бұғазы – әлемдік сауданың маңызды теңіз дәліздерінің бірі. Сарапшылардың бағалауынша, бұл бағыт арқылы жыл сайын шамамен 750 миллиард АҚШ долларына тең тауар тасымалданады.
Егер ұсынылған 20% алым толық көлемде қолданылса:
750 млрд доллар × 20% = 150 млрд доллар жыл сайынғы ықтимал түсім;
10 жылда – шамамен 1,5 триллион АҚШ доллары.
Бұл бастама халықаралық сарапшылар арасында түрлі пікір туғызды. Бірі мұны теңіздегі қауіпсіздікті қаржыландыру тетігі деп бағаласа, енді бірі мұндай шешім халықаралық саудаға қосымша салмақ түсіріп, АҚШ-тың аймақтағы экономикалық ықпалын арттыруы мүмкін екенін айтады.