Тоқаев Астанадағы көлік кептелісін жедел шешуді тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы кептелістер мәселесін шұғыл шешуді тапсырды
Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек үкіметтің кеңейтілген отырысында баяндама жасады. Одан кейін Президент елордадағы өзекті мәселелерді шешу және қаланы абаттандыру үшін айтарлықтай жұмыс жүргізу керектігін айтты.
«Жалпы, қала әкімі үйлесімді жұмыс істейді, тәжірибесі бар. Дегенмен, елордада кептеліс мәселесі өзекті болып отыр — осы бағытта шұғыл шаралар мен шешімдер қабылдау керек. Тағы бір маңызды міндет — қайта өңдеу кәсіпорындарын салу, бұл барлық негізгі қалалар мен облыстарға қатысты. Құрылыс сапасы, жер асты коммуникацияларын салу және жөндеу жұмыстары ерекше бақылауда болуы тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.