5 сәуірден бастап мопедтер тіркеуге алынады

0 73

Енді мопед міну үшін де заң аясында жүру керек. 5 сәуірден бастап мопедтер механикалық көлік құралдары ретінде тіркелуі тиіс. Яғни, оларға нөмір алып, сақтандыру рәсімдеп, «А» немесе «А1» санатындағы жүргізуші куәлігі болуы қажет.

Тіркеу арнайы ХҚКО арқылы жүргізіледі. Тіркелмеген мопедті жүргізу — заң бұзушылық болып есептеледі.

Бұл өзгеріс әлеуметтік желіде қызу талқылануда: біреулер «тәртіп керек» десе, басқалар «бюрократия көбейді» деп шағымдануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.