Қазақстанда велосипедтерге мемлекеттік нөмір тағу мәселесі талқылануда

0 11
Бұл туралы Мәжілістегі брифингте ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов мәлімдеді

Қазақстанда велосипед пен самокат иелеріне мемлекеттік тіркеу нөмірін беру ұсынысы қарастырылып жатыр

Оның айтуынша, бұл бастама жол мен тротуардағы қозғалысты бақылауға көмектеседі. Мұндай тәжірибе Еуропаның бірнеше елінде бар.

«Қазір самокат жүргізушілері бойынша жұмыс жүргізілуде. Әділет министрлігінің жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобының алаңында бірқатар қосымша өзгерістер әзірленіп жатыр. Біз Швейцарияның тәжірибесін зерттедік. Онда тек самокатқа ғана емес, велосипедке де мемлекеттік нөмір беріледі. Сондықтан бұл норма біз үшін өте өзекті және белсенді талқылау кезеңінде», – деді Әділов.

Бұған дейін Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев самокат иелеріне тіркеу мен жүргізуші куәлігін алу міндеттелуі мүмкін екенін айтқан еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.