Қымбаттаған темекі: Министрлік тұтынуды азайтуға күш салады
Қазақстан Қаржы министрлігі темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек бағаларын қайта қарастыруды ұсынды. Жаңа бұйрық жобасына сәйкес, сүзгісі бар және сүзгісіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға, сондай-ақ қыздырылатын темекі өнімдеріне арналған баға шектері өседі.
Министрліктің хабарлауынша, бұл бастама салық және баға саясатын қатаңдату арқылы темекі тұтынуын азайтуды көздейді. Құжат 2025 жылғы 19 маусымға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды. Осы мерзімге дейін азаматтар өз пікірлерін білдіре алады.