Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық бокс құрамасымен кездесті

0 5

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ұлттық бокс құрамасымен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Президент спортшыларды соңғы жеңістерімен құттықтап, бокстың ел үшін маңызы зор екенін атап өтті.

«Жеңістеріңіз құтты болсын! Бокспен тек мықты, күш-жігері мол адамдар шұғылданады. Бұл – ерекше спорт. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Мемлекет әрқашан сіздерді қолдайды. Қазақстанда бокстың келешегі зор болатынына ешқандай күмәнім жоқ», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өткен бокстан Әлем кубогының финалын жанкүйерлермен бірге тамашалаған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.