Зеленский Вашингтонға келді: Трамппен және еуропалық көшбасшылармен келіссөздер өтті

0 42

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-қа сапармен келіп, Вашингтонда америкалық әріптесі Дональд Трамппен, НАТО бас хатшысы Марк Рюттемен және еуропалық көшбасшылармен кездесті.

Зеленский өзінің Telegram-арнасында:

«Вашингтонға келіп жеттім. Ертең АҚШ президентімен және еуропалық лидерлермен кездесу өткіземіз. АҚШ президентіне шақырғаны үшін ризамын», – деп жазды.

Трамптың мәлімдемесі

Ақ үйдегі келіссөздерден кейін Дональд Трамп кездесуді «өте жемісті» деп бағалады. Оның айтуынша, АҚШ пен Еуропа елдері Украинаға қауіпсіздік кепілдіктерін беруге дайын.

АҚШ президенті Truth Social желісінде:

  • вице-президент Джеймс Ди Вэнс,

  • мемлекеттік хатшы Марко Рубио,

  • арнайы өкіл Стивен Уиткофф

Путин мен Зеленский арасындағы саммитке дайындық жүргізетінін хабарлады. Бұл кездесуден кейін үшжақты келіссөз (Путин–Трамп–Зеленский) жоспарлануда.

Еуропаның ұстанымы

Германия канцлері Фридрих Мерц саммиттің нәтижесін «күткеннен де жоғары» деп бағалап, Путин мен Зеленский кездесуі алдағы екі апта ішінде өтуі мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, Украинаға аумақтық шегіністер мәселесі ешқандай ресми деңгейде талқыланбаған.

Сонымен қатар, 19 тамызда Украинаға қолдау көрсетуге ниетті елдердің 30 мемлекеті қатысатын видеоконференция өтеді. Сол күні ЕО Кеңесінің кезектен тыс отырысы да жоспарланған.

Зеленскийдің ұстанымы

Зеленский АҚШ-тың Украина қауіпсіздігіне кепілдік беруге дайын екенін «үлкен алға басу» деп атады. Ол Путинмен жеке кездесуге шартсыз дайын екенін, атысты тоқтату талабын қоймайтынын мәлімдеді.

Сонымен бірге ол Трамптың «бәріне бәрін» қағидасы бойынша тұтқындар алмасуын ұйымдастыруға көмектесуге әзір екенін айтты. Бұл алмасуға әскери тұтқындардан бөлек бейбіт тұрғындар, журналистер және саяси тұтқындар да қатысуы мүмкін.

Аумақтарға қатысты күрделі мәселелердің Путин, Трамп және Зеленский қатысатын үшжақты келіссөздерде қаралатыны хабарланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.