«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасында «Картахенаға» есе жіберді

0 8

23 ақпанда Алматыда футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасы 1/4 финалының алғашқы матчы өтті. Алаң иесі – Қайрат пен Испанияның Картахена клубы өзара мықтыны анықтады.

Ойын қалай өтті?

Алғашқы таймда қос команда да сақ ойнап, есеп ашылған жоқ. «Қайрат» қарымта шабуылдарға басымдық беріп, қарсыластың қорғанысын бұзуға тырысты.

Екінші таймның басында алматылық жанкүйерлер қуанышқа бөленді – қақпашы Ванделсон Силва есеп ашып, командасын алға шығарды.

Алайда испаниялық клуб тез арада жауап қайтарды. Қос қарсы шабуыл нәтижесінде «Картахена» екі минут ішінде екі гол соғып, 2:1 есебімен алға шықты. Бұл есеп матч соңына дейін өзгеріссіз қалды.

Келесі матч қашан?

Жауапты кездесу 6 наурызда Испанияның Картахена қаласында өтеді. Сол ойында Финал төрттікке жолдама алған команда анықталады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.