Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін енді онлайн ауыстыруға болады

0 76

Қазақстандықтар сәуірден бастап жүргізуші куәлігін оның жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін де eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ауыстыра алады. Бұған дейін қызмет тек қолданыстағы құжат болған жағдайда, сондай-ақ ол жоғалған, ұрланған немесе аты-жөні өзгерген кезде ғана онлайн көрсетілген.

Жасанды интеллект министрлігінің хабарлауынша, жаңашылдық жүргізуші куәлігінің барлық санатына қолданылады. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін куәлікті ауыстыру кезінде көлік құралын басқаруға рұқсат алу үшін міндетті түрде медициналық тексеруден өту қажет.

⌨️Медициналық тексеруден өткен пайдаланушылардың мәліметтері өтінім беру сәтінде мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде жүктеледі. Ал егер пайдаланушы куәлікті мерзімі аяқталғанға дейін алдын ала ауыстырса, медициналық тексеруден өту талап етілмейді.

Қызмет көрсету мерзімі – 60 минут.

Leave A Reply

Your email address will not be published.