Адам емес, бірақ студент: AI өнер университетіне қабылданды
Венадағы Қолданбалы өнер университеті — тарихта алғаш болып жасанды интеллектіні ресми түрде студент ретінде қабылдаған оқу орны атанды. Flynn есімді AI цифрлық өнер бағыты бойынша білім алуға кірісті. Ол өзге студенттермен қатар дәрістерге қатысып, пікірталастарға араласады және бағаланады.
Бұл эксперименттік жобаның мақсаты — шығармашылық салаларда жасанды интеллект пен адамның бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін зерттеу. Flynn қабылдау процесінен толық өткен: өзінің цифрлық портфолиосын ұсынып, сұхбатқа қатысқан. Әңгімелесу кезінде ол цифрлық өнердің шекарасын кеңейтуге қызығушылық танытқан.
Университет өкілдері студент міндетті түрде адам болуы керек деген талаптың болмауы Flynn-нің қабылдануына еш кедергі келтірмегенін атап өтті. Жаңа оқу жылы күзде басталғанымен, Flynn наурыз айынан бастап кейбір дәрістерге қатысып, өзге студенттермен танысып, бейімделіп жатыр.
Flynn Claude Sonnet және Stable Diffusion атты ашық модельдерге негізделіп жасалған. Бұл оған IT саласынан алыс студенттермен де еркін сөйлесуге мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде ол күнделік жүргізуде, онда өзін «шын емес» деп қабылдамағандарға ренішін де білдірген.