Тоқаев 8 наурыз мерекесінде қазақстандық әйелдердің еңбегін жоғары бағалады
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Марапатталғандар қатарында:
- 4 еңбек ардагері;
- 19 жұмысшы маман мен кәсіпорын еңбеккерлері;
- 14 денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және мәдениет саласының қызметкерлері;
- 6 кәсіпорын басшысы;
- 3 қоғамдық ұйым өкілі;
- 7 мемлекеттік қызметкер;
- 6 құқық қорғау, арнаулы және бақылаушы органдарда, әскер қатарында еңбек ететін қызметкерлер.
Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденімен
- Жұлдыз Рахымқызы Айтмағамбетова – Мемлекеттік күзет қызметінің аға инспекторы;
- Айман Рахмеджанқызы Ахметова – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі;
- Анаргүл Аманжолқызы Әбуева – Төтенше жағдайлар министрлігінің департамент бастығы;
- Құралай Темірболатқызы Канкина – Бас Прокурордың аға көмекшісі;
- Балжан Төлеужанқызы Мұсатаева – Қорғаныс министрлігі 44013 әскери бөлімінің взвод командирі.
«Парасат» орденімен
- Қарақат Түлкібайқызы Әбілдина – «Қарақат» мектеп-студиясының бас директоры;
- Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбай – Парламент Сенатының депутаты;
- Айгүл Сайфоллақызы Құспан – Парламент Мәжілісінің депутаты;
- Гүлдана Рахымбекқызы Ноғайбаева – Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының әншісі-әртісі.
«Құрмет» орденімен марапатталғандар:
- Раиса Леонидовна Абиева – «Абиев А.А.» ШҚ басшысы;
- Раиса Мұхамедиқызы Ағыбаева – Астана қаласының ардагерлер кеңесі медиатобының төрағасы;
- Шолпан Сашкенқызы Айтбаева – еңбек ардагері;
- Тілеукүл Шайымқызы Әбдірайымова – «Қазсушар» Жамбыл филиалының инженері;
- Күлпаш Қайроллақызы Әбенова – «Ұлттық аккредиттеу орталығы» жұмысқа тартылатын бағалаушысы;
- Әділет Срадинқызы Әзімқұлова – еңбек ардагері;
- Роза Римовна Гияги – «Қазақстан темір жолы» диспетчері;
- Сәуле Әбутәліпқызы Егізбаева – IT мектеп-лицейінің мұғалімі;
- Қаракөз Темірбекқызы Елеуова – еңбек ардагері;
- Людмила Дмитриевна Земляная – «Жер су» ЖШС директоры.
III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен
- Баянгүл Қожабергенқызы Қамбарова – «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС филиалының электрмен дәнекерлеушісі;
- Анар Серікбайқызы Мадимарова – «Тараз металлургиялық зауыты» шикіқұрамшысы;
- Зинагүл Әбенқызы Нұрғалиева – «Altyntau Kokshetau» шикіқұрамшысы.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
- Бибігүл Төлегенқызы Арпабаева – «Өскемен ЖЭО» отын-көлік цехының аға жүк қабылдап-тапсырушысы;
- Надежда Николайқызы Әбелдинова – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет офицері;
- Қарлығаш Тастанбекқызы Бәкірова – «№ 13 қалалық емхана» дәрігері.
«Шапағат» медалімен
- Динара Төлегенқызы Әлімбаева – «Қарағанды қаласының № 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» аға мейіргері;
- Мәдина Дәулетханқызы Әуренова – «DEMEY» оңалту және түзету орталығы» төрағасы;
- Светлана Станиславовна Васина – «Moon-Ай» музыкалық дуэтінің қатысушысы.
Құрметті атақтар:
- «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» – Бақытжан Омарғалиқызы Аханова;
- «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» – Талшын Мұқадесқызы Үкібасова;
- «Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы» – Ольга Николаевна Шелудько;
- «Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері» – Майра Жұратбекқызы Ерманова.
Марапатталған азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетілген құрмет олардың еңбегінің жоғары бағаланғанын көрсетеді.