Астанада студент Таиландтан келген сәлемдеме үшін 8 жылға сотталды

0 44

Соттың мәліметінше, студент Telegram мессенджері арқылы тыйым салынған заттар қоймасына жұмысқа орналасқан.

Осыдан кейін оның атына Таиландтан Қазақстанға пошта арқылы 998 грамм кептірілген марихуана жіберілген.

2024 жылдың 6 тамызы күні студент өз атына келген сәлемдемені «Қазпошта» филиалынан алып кеткен. Ол есірткіні дозаларға бөліп, кейін сату мақсатында заңсыз сақтау үшін пәтер жалдаған.

Алайда сол күні-ақ оны полицейлер ұстап, үйін тінту кезінде 998 грамм кептірілген марихуана тәркіледі.

Сот үкімімен сотталушы Б кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.