Президент Дональд Трампқа көңіл айтты

Мемлекет басшысы АҚШ президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

0 25

Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонның Рональд Рейган атындағы Ұлттық әуежайы маңында болған ұшақ апатынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді, — делінген Ақорда хабарламасында.

Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа, қайтыс болған жандардың отбасыларына және қайғылы оқиғадан зардап шеккен азаматтарға Қазақстан халқының және өзінің атынан көңіл айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.