“Ауыл аманаты” бағдарламасы: мыңдаған адамға жаңа мүмкіндік
Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы саласы жаңа серпін алуда. Өткен жылы 15 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі мемлекеттік қолдауға ие болды. Биыл бұл салаға 39 млрд теңге бөлініп отыр. Оның 22,7 млрд теңгесі – субсидияға, ал қалған 16 млрд теңгесі – “Ауыл аманаты” бағдарламасы мен Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі негізінде несиелендіруге бағытталады.
Өндіріс көлемі артып келеді
2025 жылы өңірде 551,6 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру жоспарлануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 63 млрд теңгеге көп. Салаға тартылатын инвестиция көлемі де айтарлықтай өсіп, 58 млрд теңгеге жетеді.
Мал шаруашылығында тарихи өсім күтілуде
Қазіргі таңда облыстағы жалпы мал саны 3,6 млн басты құрайды. Оның ішінде:
•Мүйізді ірі қара – 429,4 мың
•Қой – 3 млн
•Жылқы – 173,9 мың
•Құс – 1,9 млн
Өткен жылы облыста 226,2 мың тонна сүт, 129,9 мың тонна ет, 123,5 млн дана жұмыртқа өндірілді. Ал биыл бұл көрсеткіштерді жаңа деңгейге көтеру жоспарланып отыр. Мал басын 4,3 млн басқа дейін көбейту, сүт өндірісін 229 мың тоннаға, етті 135 мың тоннаға, жұмыртқа өндірісін 125 млн данаға жеткізу көзделген.
Өсімдік шаруашылығында рекорд орнатылды
Өткен жылы 626,7 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Нәтижесінде, 3,7 млн тонна өнім жиналды – бұл соңғы 5 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Оның ішінде:
586,4 мың тонна масақты дәнді дақылдар
36,2 мың тонна майлы дақылдар
172 мың тонна картоп
1,19 млн тонна көкөніс
156,6 мың тонна бақша дақылдары
84,8 мың тонна дәндік жүгері
647 мың тонна қант қызылшасы
Су үнемдеу технологиялары 15,4 мың гектарға енгізіліп, жалпы ауданы 55,4 мың гектарға жетті.
2025 жылы қандай өзгерістер болады?
Егістік алқабы 33,6 мың гектарға ұлғайып, жалпы көлем 660,3 мың гектарға жетеді
Су үнемдеу технологиялары 64,5 мың гектарға енгізіледі
83,1 мың гектарға минералды тыңайтқыш енгізу жоспарланған
401 дана ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынып, жаңарту деңгейі 6,5%-ға артады
“Ауыл аманаты” бағдарламасы: мыңдаған адамға жаңа мүмкіндік
Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 5 млрд теңге бөлініп, 598 жоба қаржыландырылады.
Бағдарлама аясында азаматтарға:
4 000 бас қой
150 бас ірі қара тауарлық несие ретінде беріледі.
Ауыл шаруашылығы саласына құйылып жатқан қаржы – бұл өңір экономикасының дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға жасалған маңызды қадам. Жамбыл облысы алдағы жылдары ауыл шаруашылығы өндірісін еселеп арттыруды көздеп отыр. Ендеше, саладағы тың өзгерістерді күтейік!
Дереккөз Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайтынан алынды