Мемлекеттік басқару академиясын жаңа ректор басқарады: реформалар күтіле ме?
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Жолманов ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды. Осыған байланысты, ол бұрынғы қызметінен босатылды, — деп хабарлайды sert-inform.kz
Сонымен қатар, Ерлан Әбіл аталған академияның ректоры лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Әлібек Ахмедьяр ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.