Мүмкіндігі шектеулі жандарды алып жүретіндер теміржол билеттерін 50% жеңілдікпен сатып ала алады
🟢Көлік министрлігі ережеге осындай өзгеріс енгізу бастамасын көтерді.
📢Соған сәйкес I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтарды, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар балаларды алып жүретін жандардың жол жүру құнына 50% жеңілдік беру ұсынылып отыр.
✔️Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтардан пойызға міну кезінде медициналық анықтамалар мен құжаттарды көрсету талап етілмейді. Енді қажетті ақпарат автоматты түрде арнайы деректер базасы арқылы тексеріледі. Бұл шаралар азаматтардың құқығын қорғауға бағытталып отыр.
⚠️Аталған өзгерістер 2025 жылдың екінші жартысында күшіне енбек.