Аида Балаева Дженнифер Лопестің концертіне қалай билет алғанын айтты

0 8
Үкімет кулуарында Аида Балаева Дженнифер Лопестің концертіне билет алу кезінде қиындық болғанын айтып, билетті ұлы арқылы алғанын жеткізді. Министр Ticketon компаниясының қателіктерді мойындап, кейбір билеттердің ақшасын қайтаруға дайын екенін оң бағалады.

Ол сондай-ақ концертке қызығушылық өте жоғары болғанын айтты

«Шынын айтқанда, қиындықтар болды. Билетті өзім алған жоқпын, бұл іспен ұлым айналысты. Әрине, уайымдадық, тізімге іліктік пе, жоқ па деп. Кейін кейбір адамдар Ticketon арқылы өтпей қалған, яғни төленген бронь расталмаған. Бірақ маған ұнағаны – Ticketon ол қателікті өз мойнына алып, билет құнын өз есебінен өтеп беруге дайын екен. Біз үш билет алдық: ұлым, келінім және мен үшін. Немеремізді апара алмаймыз, ол әлі кішкентай», – деді министр.

Бұған дейін Дженнифер Лопестің концертіне билет алу кезінде көптеген қазақстандықтар техникалық ақауларға тап болған. Ticketon компаниясы азаматтардан кешірім сұрап, кейбіріне билеттің ақшасын толығымен қайтарып беруге уәде еткен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.