Мәжілісмен магистратураға түсу талабын қайта қарауды ұсынды

0 12
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Қазақстанда магистратура мен докторантураға түсу тәртібін қайта қарауды ұсынды.

Ол қазіргі талап бойынша талапкерлер қандай мамандыққа түссе де, ағылшын тілінен емтихан тапсыруы қажет екенін еске салды,

«Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілсе де – бұл талап бәріне бірдей. Мәселен, қазақ филологиясы, этнография, музыка сияқты мамандықтарға түсетін жастар да алдымен ағылшыннан емтихан тапсыруы керек. Әрине, ғылыммен айналысу үшін ағылшын тілін білу маңызды. Себебі көптеген ғылыми жаңалықтар күн сайын ағылшын тілінде жарияланып отырады. Оларды оқу, түсіну, қолдану – зерттеуші үшін аса қажет», – деді депутат.

Аймағамбетов бұл талапты кезінде Білім және ғылым министрі болғанда өзі де қолдағанын айтты. Алайда, қазір жағдай өзгергенін, жасанды интеллект құралдарының көмегімен кез келген мәтінді аудару әлдеқайда жеңілдегенін атап өтті.

«Қазір ChatGPT, Gemini сияқты құралдар арқылы кез келген ағылшын мәтінін қазақ немесе орыс тіліне сапалы түрде санаулы секундта аударуға болады. Иә, ағылшын тілі ғылым үшін әлі де маңызды. Бірақ қазіргі технологиялардың мүмкіндігін ескерсек, бұл талап жастардың магистратураға түсуіне кедергі болмауы керек», – деді халық қалаулысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.